Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

Арнаның мәліметінше, олардың жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен.

«Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді», — делінген Boxing Legends TV арнасының парақшасында.

Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді. Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек «Қазақстан» және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Пікір қосу