Танымал отандық «Кешью» тобы топ құрамынан кеткен Ақботаның орнына өнер көрсететін жаңа әншін кім болатыны белгілі болды, —  деп хабарлайды juldyz.kz

Жақында ғана Қытайдың Сиань қаласына өнер көрсету үшін келген «Кешью» тобы онда түскен суреттерін жарияласа, ғаламторда топтың жаңа құрамы өнер көрсетіп жатқан видео пайда болды."Кешью" тобы Ақботаның орнына келген әншіні көрсетті (фото)

Топтың парақшасында: «Қытайдың Сиань қаласына, «Shaanxi TV» телеарнасының шақыруымен «Ұлы жібек жолы елдерінің мәдениеті» фестиваліне қатысу үшін жолға шықтық. Алла жар болсын! Жаңалықтармен бөлісіп отырамыз!», — деп жазды олар.

Олардың ортақ түскен суреттерін көрген желі қолданушылары жаңа қосылған топ мүшесінің кім екенін таппай дал болды. Себебі топ мүшесінің бетін олар көрсетуді жөн санамаған. Ал желі қолданушыларының бірі Назым Әбілдина десе, бірі «Лашын» тобындағы Элизат деп болжауда.

 

Пікір қосу