77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Нижат Рахимов 2016 жылдың нәтижесі бойынша «Әлемнің үздік зілтеміршісі» атағына ұсынылып отыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) тапсыратын марапатқа 7 зілтемірші үміткер. Олардың барлығы өткен жылы жазда Рио Олимпиадасының жеңімпазы болған. Атап айтқанда, колумбиялық Оскар Фигероа (62 кг дейін), қытайлық Лун Цинцюань (56 кг дейін), ирандық Киран Ростами (85 кг дейін), өзбекстандық Руслан Нурутдинов (105 кг дейін) және грузин Лаша Талахадзе (105 кг-дан жоғары).  Дауыс беру IWF-тің ресми сайтында өтуде және ол 31 қаңтар күні аяқталады. Е

ске салайық, Нижат Рахимов Рио Олимпиадасында «алтын» еншілеген болатын. Қазақстандықтар арасында бұған дейін «әлемнің үздік зілтеміршісі» атағын 4 рет (2005, 2006, 2014 және 2015 жылдары) Илья Ильин жеңіп алған еді.

 

Пікір қосу