Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды,-деп хабарлайды juldyz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», — делінген мемлекет басшысының Жарлығында.
Айта кетсек, Марат Тәжин осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.