“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов шашын тықырлап алып тастады. Әншінің жаңа образын “Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың Инстаграмдағы парақшасында жарияланған.

15877055_1354356321270897_3119908297293955072_n

Кенжебектің фотосын қойған Бағлан, әзілдеп “Кенжебекке ұқсайды екен, ия?” деп жазған. Танымал әншінің бұл ерекше әрекетіне желі қолданушылары қатты таңқалған.

“Кенжебек ағаға жарасады екен тақыр бас болған”, “Енді Мейрамбек пен Сәкен ағалардың шаштарын алып тастауын күтеміз”, “Қыста жақсылап бір жаурағыңыз келіп жүр ау деймін”, “Сахнаға Тимати сияқты шығайын депті” деп түрлі пікір білдірген.

Естеріңізге сала кетсек, “Музарт”әншілері мерейтойды өткізген соң шаштарын тықырлап алып тастауға уәде еткен. Алайда концерт аяқтала салысымен-ақ Сәкен Майғазиев бұл ойынан бас тартқанын мәлімдеген еді.

Пікір қосу