«Есім адам өміріне айтарлықтай әсер етеді» дегенге сенетіндер көп. Бірі жақсылықққа, бірі жамандыққа балап, сан түрлі болжамдар жасап отырады. Осыған орай сайтымыз «Маңдай алды Мақпалдар» тақырыбымен есімдер әлеміне шолу жасаған еді. Ал бұл жолы Роза есімді жандарға тоқталуды жөн көрді.  Ғалымдардың мәліметінше, «гүл» сөзі тәжік тілінен «роза» деп аударылады. Бүгінде Роза есімді өмірлері де өздері секілді гүлдей жайнап жүрген жандар елімізде көп. Солардың ішінде бірегейлерін juldyz.kz порталы тізімдеп көрді.

  1. Роза Бағланова — әнші (1922-2011), Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы. Оның орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған.

2. Роза Рымбаева — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса, Қазақстанның халық әртісі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. Бүгінде ол тыңдармандарының қошеметіне бөленген өнер адамы.

3. Роза Әлқожа — әнші, мамандығы бойынша журналист. Ол қоңыр сазды әндерімен әнсүйер көпшіліктің жүрегін жаулап алған танымал сазгер. Бүгінде оның «Мен сыйға тартқан орамал» атты орамал сататын дүкендер желісі де бар.

4.Роза Мұқанова — жазушы-драматург. Көпшілікке «Мәңгілік бала бейне» пьесасы арқылы танымал. Сондай-ақ, ол «Жарық дүние» (1994, «Жалын») «Дүние кезек» (1997, «Жазушы») «Қүдірет-Кие» ( 2001, «Сөздік-Словарь») әңгімелері мен драмалық хикаяттардың авторы.

5.Роза Мұқатаева — әнші-актриса, «Х-фактор» жобасының финалисті. Бүгінде «Айман-Шолпан» телехикаясындағы Еңлік рөлімен көпшілікке танымал.

6.Роза Сейілхан — ақын, журналист, «Мендегі бір әлем» жыр жинағының авторы. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші болып қызмет атқарады.

7.Роза Қунақова — ақын (1937-1995), Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан пионері» газеті мен «Мәдениет және тұрмыс» журналында, өмірінің ақырына дейін «Қазақстан әйелдері» басылымында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеді. Сондай-ақ, «Менің достарым», «Кішкене жүректер», «Жәннәт жер», «Ерке елік», «Кемпірқосақ», «Керімсал», «Қызыл жалау», «Келеді көктем» атты жыр жинақтарының авторы.

8. Роза Жаманова — КСРО халық әртісі (1928-2013), опера әншісі. Ол Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және «Ер Тарғыны»), Сараның (М. Төлебаевтың «Біржан мен Сарасы»),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абайы»), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегині» мен » Иолантасы»), т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасаған жан.

9. Роза Айдарбаева — күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі. Оның «Балдырған», «Маңғыстау» — атты күйлері бар. Қазір Ақтау өнер колледжінде оқытушы.

10. Роза Әшірбекова — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі».  Сахнада алғаш жасаған образы — жылы Жұмаханов пен Б. Тәжібаевтың “Қарагөз қарындасым” спектакліндегі Анна. Ол сомдаған Ләззат (Т. Ахтановтың “Махаббат мұңында”), Дариға (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”), Ұлбала (Шота Уәлихановтың “Тағдырында”), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”) сияқты рөлдер оның шеберлігін жан-жақты танытқан.

Пікір қосу