Туған жері, жылы, білімі

Дмитрий Баландин 1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Ол  жүзуден тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы.


Отбасы

Әкесі Игорь Баландин  (1962 жылы дүниеге келген) қазір «Баландин» ЖШС басқарады. Жас кезінде әкесі волейболмен айналысса,  анасы Татьяна Баландина коньки спортымен айналысқан.

Анасының айтуынша, ол баласын кішкентай кезінде  жүзумен қатар сурет салуға, ағылшынға да қатыстырған. Алайда, Дмитрий жүзуді таңдаған. Қазір спортшының сүйіктісі бар, аты-жөні- Кристина Тыныбаева.

Бала Дмитрий …

Дмитрий 2003 жылы 8 жасынан бастап суда жүзу спортымен айналыса бастаған. Алғашқы бапкері — Марина Гильмутдинова. 2008-2012 жылдары Алматыдағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интерна-тында оқыған. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-нің дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4-курс студенті.

 Жеткен жетістіктері мен марапаттары

Дмитрий Баландиннің алғашқы жеңісі — 2010 жылы Ресейде өткен жарыста «Александр Попов атындағы кубок» алумен басталған. Кейін 2011 жылы үлкен топтар арасындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, осы жылы ҚР суда жүзу спорт шебері атағын алған.

Жыл соңында ҚР халықаралық кластағы спорт шебері атағын иеленеді. 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы болады. 2013 жылы суда жүзуден IV әлемдік жастар чемпионатында 4-орынды, 2015 жылы жазғы Универсиадада алтын мен қола жүлдені иемденді.

Біздің анықтама:

Жұлдызы: Торпақ

Сүйікті ісі: футбол ойнау және үйдегі хаски итіне тамақ беру

Бойы: 195 см

Салмағы: 85 келі

Бапкері: Алексей Казаков

Спортшының халықтың есінде қалған басты жүлдесі — Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы ойындарға 200 метрлік брасс бойынша ең төменгі болып іріктелп, 2015 жылғы чемпион және вице-чемпион — Марко Кох пен Кевин Кордесті басып озып Олимпиада чемпионы атануы.

Биыл спортшы мемлекет тарапынан берілетін «Дарын» Жастар сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, өзі оқитын университеттен «Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні» ашылды.

Пікір қосу