Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ардақ Теңгебаев Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды және ҚР Қаржы министрінің 14 желтоқсандағы № 537 бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Республикасының қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшы құрамымен болған кездесуде ведомстваның жаңа төрағасы Ардақ Теңгебаевты таныстырған. Бақыт Сұлтанов Комитеттің алдында тұрған Елбасының бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудың 100 қадам — Ұлт жоспарын орындау бойынша міндеттері туралы айтты. Ол Ардақ Теңгебаевтың білімі, тәжірибесі мен білігі, сондай-ақ ведомство ұжымының ауызбіршілігі мен кәсіпқойлығы аталған міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.

Қаржы министрі мемлекеттік кірістерді әкімшілендіруді жетілдіру жұмысын, оның ішінде кедендік рәсімдеу мен салық салуды да ақпараттандыру жұмысын одан әрі жалғастыруға және күшейтуге тапсырма берді. Өз кезегінде Ардақ Теңгебаев Мемлекет басшылығы мен министрлік басшылығының сенімін ақтауға бар кұш-жігерін салатындығына сендірді.

 

Пікір қосу