«Кешью» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловтың отбасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды juldyz.kz. Ол бұл туралы желідегі парақшасына жазды.

«Қайырлы күн достар! Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр! Иә, Ержан мен Әли, Дәурен. Мені бәрімен де қосып шықтыңыздар! Енді сіздерге айтарым: «Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Менің Дәурен Айдарқұловпен ешқандай қарым қатынасым жоқ. Кинода да маxаббат, өмірде де маxаббат болып кетіпті дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар! Менің тұрмысқа шығатын болашақ жарым мүлдем өнер адамы емес. Ал Даурен Айдарқұловқа келетін болсақ, олар өз отбасылық жағдайын өздері шешсін. Тек мені араластырмауларын сұраймын. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Білемін мені қанша қарғадыңыздар, жек көріп кеттіңіздер, ластадыңыздар, түрлі-түрлі жүрекке тиер сөздер айттыңыздар. Мен бәрін түсінемін. Алла қаласа келесі жылы той! Әркім өз отбасымен бақытты болсын. Өздерінің лас тірліктеріне мені қоспасын. Егер бақытты отбасы болса, осыншама айқай-шу шығарып, елді дүр сілкіндірмес еді. Не дейін енді, бақытты болыңыздар!», — деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, Ақбота «Жұлдыздар отбасы» журналына берген сұхбатында өзін біреудің отбасын бұзбағанын және Дәурен Айдарқұловпен арасын өнерден басқа ешнәрсе байланыстырмайтынын айтқан болатын.

Пікір қосу