Мәдина Есмалайқызы Ералиева — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1990).
Туған жылы: 2 тамыз 1954 жылы (27 қараша 2000 ж)
Туған жері: Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Білімі:
- 1974 жылы Қызылорда қаласындағы «Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің» музыка бөлімі;
- 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультеті.
1981 жылы режиссер — Атабаев Болатпен отау құрып, 1982 жылы өмірге Әрсен атты тұңғыш, әрі жалғыз баласы келген.
Алматы қаласы, «Таугүл-3» ықшамауданына Мәдина Ералиеваның атына көше берілген. Мәдина Ералиева атындағы көше Қызылорда қаласында да бар. Сонымен қатар сол қаладағы «Бумажник» деген жарамсыз, жұмысы тоқтап тұрған театрды мемлекет жөндетіп, Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйі етіп ашқан. Ол ғимаратта әншінің атында мұражай да бар.
Еңбек жолы:
- 1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.
- 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды.
“Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.