Әнші Абай Бегей «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. Сұхбат барысында алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Бұйырса, 2017 жылдың басында Астанада үлкен концерт өткіземін. Уақытын белгілеп қойдық. Қазір дайындық жүріп жатыр. Жаңа әндер жазылуда. Мен «Sin frontera» деген кубалық азаматтардан құралған топпен бірге ән айтып жүрмін. Олар әуелде Қазақстанға келіп, әндерімізді ұрлап айтып жүрген. Сөйтіп, өздері ұсталып қалды. Кейін бізге келіп, бірге бейнебаян түсіруге ұсыныс жасады. Оларды мен елге танытайын деп ертіп жүрген жоқпын. Басқа елдің азаматы болғандықтан, «өнер алмассын» деп бірге ән айтып жүрміз»,- деді Абай Бегей.
Сондай-ақ, әнші кәсіпкерлікпен айналысатынын да жасырып қалмады.
«4-5 жылдың көлемі болды. Ақтауда «Ерке» деген қалыңдық салоным бар. Ол жерде үлкен қызым жұмыс істейді», — деді ол.