Қазақстаннан Ресейге ауысып кеткен 12 жастағы шахматшы қазақ қызы Ресей әнұранын қатты ұнататын айтты. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

12 жастан енді ғана асқан Бибісара Ресей шахмат федерациясына неліктен ауысқанын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, Ресейдің бапкерлері мықты, оған дәлел — кеңестік шахмат мектебі. Бибісараның Ресейге ынтықтығы спорттық киімдерінен басталған екен.

«Маған ресейлік спорттық киім үлгісі ұнайтын. Мен оларға қарап, менде де осындай форма болса ғой деп қоятынмын. Әсіресе, Бразилияда Қазақстанның атынан қатысқан кезімде, бірінші орын алып, марапаттауға шығарда қатты армандадым. Менде әзірге бұл форма жоқ, бірақ Батумиде бірінші орын алып, Ресей әнұранын естігенде бойымды ерекше сезім биледі. Маған бұл әнұран қатты ұнайды», — дейді шын көңілмен жас шахматшы қыз.

Пікір қосу