Әнші Айдана Меденова жол апатына түсіп, қабырғасын зақымдап алған. Бұл ақпаратпен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Айдана Меденованың денсаулығы жағдайы жақсы. Сондай-ақ жаңа клиптің түсірілімін бастап кеткен. Денсаулығына байланысты түсірілім кезінде кейбір әріптестері арасында түсініспеушілік орнағанын да мәлімдеді.