Нұрғали Нүсіпжанов — әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлкеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Туған жылы: 5 қаңтар, 1937 жылы
Туған жері: Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылы
Білімі: 1956 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы;
Отбасы: Жары Айгүл, қыздары Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар.
Еңбек жолы:
- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әнші;
- 1966 – 1976 ж. Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісі;
- 1976 ж. (АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған) Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әнші;
- «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты.
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасының халық әртісі;
- Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Қазақстан жастар Одағы сыйлығының лауреаты;
- Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты;
- Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
- Жанұя, туған-туыстары Нұрекеңнің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өз елім» (мақалалар, сұхбаттар жинағы) кітабын жарыққа шығарды.