Қазақтың классик жазушысы Рахымжан Отарбаев «TÜRKSOY» тағайындаған «Haldun Taner» Халықаралық медалімен марапатталды, деп жазды adebiportal.kz.
Жазушының 60 жылдық мерейтойы Анкара қаласында кеңінен аталып өтті. Түркиядағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында Еуразия жазушылар Одағының қолдауымен қаламгердің «Ақ көбелектер» әңгімелер жинағы мен «Бас» романының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге, «Kardes Kalеmler» журналының қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арнаған санының да таныстырылымы сәтті жалғасын тапты. Кітаптарды түрік тіліне жазушы Мәлік Отарбаев пен ғалым Гүлзада Теменова аударған.
Жұртшылықпен және қала басшылығымен кездесудің соңында жазушыны «TÜRKSOYдың» Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қабылдап, мерейтой иесін құттықтады.