Бұл туралы әнші Мұхамедәлі Жүгінісов «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» таңғы бағдарламасына келгенде айтып берді.
«Битва талантов» байқауы маған көп нәрсе үйретті. Ресейдің жұлдыздары күн сайын бізге дәріс оқыды. Қызықты әрі пайдалы болды. Байқауға таланттар Армения, Ресей, Грузия, т.б. көптеген елдерден қатысты» , деді жеңімпаз Мұхамедәлі Жүгінісов.
Сондай-ақ, ол өзінің алдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Махаббат туралы әніме жаңа бейнебаян түсірдім. Оны жақында көретін боласыздар. Алда әлі талай байқауларға қатысатын боламын».
Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуде өткен Игорь Крутой бастаған «Битва Талантов» байқауында Мұхамедәлі Жүгінісов Гран-при иеленген болатын.