Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еркін күрес бойынша ұлттық құрама командасының бапкері, балуан
Туған жылы: 5 сәуір 1944 жылы
Туған жері: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Новопокровка ауылы
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік институтының дене шынықтыру факультеті (1970)
Еңбек жолы:
- Қазақ мемлекеттік институтында «Қайрат» СС жаттықтырушысы (1966);
- Еркін күрестен ҚазССР аға жаттықтырушысы (1981);
- Талдықорған қаласындағы БСМ жаттықтырушысы; (1990);
- Алматы қаласындағы №13 БЖСМ директоры (2006);
- Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында еркін күрестен бапкер (2010).
Жетістіктері:
- КСРО чемпионатының қола жүлдесі (1966)
- КСРО чемпионатының күміс жүлдесі (1972)
- КСРО чемпионатының алтын жүлдесі (1973)
- КСРО кубогы (1973)
- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1973);
- Еркін күрестен Қазақстанның он дүркін чемпионы
Марапаттары:
- «Қазакстанның еңбек сiңiрген қайраткерi»;
- Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы;
- Алматы облысының құрметті азаматы.