Астаналық футболшылар павлодарлық «Ертіс» командасымен матчта 5:3 есебімен қонақтардан басым түсті, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Жартылай финалда бұл команда алматылық «Қайратпен» Қазақстан Кубогын сарапқа салады.Матч аяқталған соң Станимир Стойлов команданы құттықтап, осы маусым оңай болмағанын атап көрсетті.
«Осы маусым менің командам үшін өте қиын болды. Маусым басындағы біздің кішігірім мақсатымыз Қазақстан Кубогы финалына шығу болатын. Финалдық ойында бүгінгі ойынмен салыстырғанда мүлде басқаша, жинақы ойын көрсетеміз. Бүгінгі ойында көптеген қателіктер жіберді. Жастарға ол әр кез кешірімді. Дегенмен, біз жас ойыншыларды алаңға шығарып, өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Сол мүмкіндіктерін барынша сәтті пайдалана алғаны дұрыс», — деді команданың бас бапкері.
Сондай-ақ, ол «Астана» ойыншылары Кубок үшін барын салатынын айтты.