Астаналық «Барыс» хоккей клубы қорғаушы Дамир Рыспаевпен арадағы келісімшартты үзді деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Енді Рыспаевтың қай клубта өнер көрсететіні әзірге белгісіз. «Куньлун» клубымен болған жолдастық кездесудегі төбелесі үшін «Құрлықтық» хоккей лигасы Рыспаевты белгісіз мерзімге ойыннан шеттеткен еді.
«Барыс» құрамында алғаш рет 2014 жылдың 17 қазанында мұз айдынына шыққан Рыспаев ҚХЛ-дегі екі маусымда 23 матч өткізіп, 194 минут айып уақытына жазаланған. Жас қазақ хоккейшісі ҚХЛ-де өзінің төбелестерімен атын шығарған еді.