30 қазан
Жексенбі, 11:00, 12.30
- Авторы: Әлібек Файзұллаұлы
- Қоюшы-режиссер: Юрий Уткин (Ресей Федерациясы)
- Суретші: Ольга Ивченко (Ресей Федерациясы)
- Балетмейстер: Гульжан Даулеткулова
Пьеса Қазақ хандығының 5
50 жылдығы мен Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының 80 жылдығына орай сахналанып отыр. Автор 1970 жылдары Жетісу өңіріндегі Есік өзенінің бойында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, бүкіл әлемді таңғалдырған Алтын адамды ертегі-қойылымға арқау етіп алған. Туынды осыдан 2500 жылдай бұрын, темір дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың – сақ тайпаларының өмір-тіршілігін жас көрермендердің көз алдына елестетіп, азаттық, бірлік жолындағы жанқиярлық ерлік-шежірелерін паш етеді. «Алтын адам» қойылымы жеткіншектерді жігерлендіріп, балалардың жүрегінде отаншылдық сезімін оятары анық.









