Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасова тағы да дуэт жаздырды. Жұлдызды жұптың «Тамшылар» деп аталатын жаңа әнін Фариданың анасы Айған Жолдасова өзінің инстаграм парақшасына жүктеген.

Желі қолданушылары болса, ән жайында өз пікірлерін, құттықтауларын, жылы лебіздерін қалдырыпты.

«Керемет əн, құтты болсын!», «Ұлықпан Жолдасовтың әндері өзінің ерекшелігімен, бояуымен, әдемілігімен, тәттілігімен тыңдарманға ұнайды. Композитор ретінде колоритке бай музыкалық әуендері қазіргі қазақ эстрадасының авангарды деуге болады. Құтты болсын», «Ұлықпан мырза! Бірінен соң бірін, жаңа, əдемі əн шығаратын шабыт берсін, Алла Тағалам», «Ақ Төреш, Фари керемет хит қой хит, клип түсірмейтіндеріңіз өкінішті, «Қыдырып қайтайық» әніне де клип түсірілмеді. Бейнебаян түсірсеңіздер екен»,- деген өтініш-тілектерін де қалдырған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали мен Фарида Жолдасованың алғашқы «Қыдырып қайтайық» деп аталатын дуэті ел арасына кеңінен таралып, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген еді.

Baq.kz

Пікір қосу