Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған», — делінген хабарламада.

Пікір қосу