Оралда лаңкестік теракт ұйымдастырмақшы болған 8 адамды соттады. Бұла туралы Holanews хабарлады.

2018 жылдың 25 шілде күні КНБ қызметкерлері Орал қаласында радикалды-діни топ өкілдерін тұтқындаған болатын.  Тексеріс барысында атыс қарулары, оқ дәрілер, діни кітаптар табылған.

Бұл іс бойынша сот жабық режимде өткен. Журналистерді тек сот шешімі шыққанда ғана ішкі кіргізген.

Айыпталушыларды діни араздық тудыру және терроризмді пропаганда жасады деген айыппен соттады. Олардың әрқайсына әртүрлі мерзім берілді: бір жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.

Айыпталушылардың арасында 16 жастағы жасөспірім болған. Оған шартты мерзімдегі жаза тағайындалды.

Пікір қосу