Продюсер Бағым Мұхитденова өнерде жолы болмай, онымен қоса өзгелерді де кінәлаудан шаршамайтын “жұлдыз” туралы ойын білдірді. 

“Бір “жұлдыз” әйелдің сұхбатын оқып шықтым. Оны әдейілеп тырнақшаға алып отырмын, себебі шынайы жұлдызға мүлдем тартпайды. Өте шатақ мінезді және ең бастысы басқалардың есебінен өзіне пиар жасайды. Сонда да оған аздық етеді, қайта-қайта шу шығарып, тіпті адамның күлкісін келтіреді. Жалпы оның барлық мәселеде жолы болмайды. Әрине түсінемін, ешқандай саладан өзін таба алмады, бірақ оған басқаларды кінәлаудың қажеті қанша? 8 наурыздың түсіріліміне біреудің кесірінен мені алмады деп үшінші адамды кінәлап жатыр. Тек сол түсірілімге 10 жылдан бері қабылданбай жатқанын ұмытып кеткен сияқты. Қысқасы ашықтан-ашық аяныш туғыза бергенше күйзелісті емдеген дұрыс”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оқырмандар Бағым Мухитденова сөз қозғап жатқан «жұлдыз» Меруерт Түсіпбаева деп болжады

Пікір қосу