Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісін су жаңа көлігімен құттықтау сөзі:

Жаным сол! Жүрегім қуаныштан жарылайын деп тұр.. ❤️ Біздің әулетте менің беделім ерекше енді, 😅Жастайымнан саxнаға шықтым, жүлденің түр-түрін көрдім…30-дан аса көлік міндім… @ardasha10 менен кейінгі сіңілім ғой, үнемі «негізі сен емес, мен жұлдыз болуым керек» еді деп жүретін.. Мен өзім өте ұялшақ боп өстім… Саxнада отырып залдан бір таныс адам көрсем, тұтығып қалатынмын… Алла осы өнерді бермегенде ауылды жерде сауыншы боп қалып кететінім анық еді..😀 Ардақ керісінше өжет болды, қандай мақсат қойса да жетпей тынбайтын… Қай жерді тесіп шығады екен деп ойланатын едік, міне тесіп шықты..👍🏽 Таза еңбекпен, өзінің күшімен бүін жарқыраған Мерседестің иесі боп жатыр… Құдай куә, сетевоймен осы қыз жетістікке жетеді деп мүлде сенбедім… 1 миллион 200 мың айлық алып жүргенде де, осымен тоқтайтын шығар дедік..Тегін көлік тек айтыста ғана болады деп жүрсем, сетевойда одан да күшті машина бар екен..😂Менде кіріп алам ба қайтем..😏 Үйінде бүкіл тірлік өз мойнында, үш ұл баланы да жайғастырып, дастарxанын да жайнатып, фитнеске де үлгеріп жүріп сетевой маркетингтің монстрына айналды… Мақтанышым менің! Игілігіңе мін! Бұл сенің маңдай терің..! Соңыңнан ерген 2 мыңға жуық қазақтың қызын жетектеп жүріп ешкімді жерге қаратпадың.. Сол қыздардың барлығы осындай сурет жіберіп отбасыларын қуантатын күнге жет..!!! @ardasha10 ❤️❤️❤️ Дәл қазір парақшасына кірсеңіздер тікелей эфир арқылы машина сыйлау рәсімін көре аласыздар…

Пікір қосу