Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың пікірінше, елде «діни мәдениеттің қалыптасуына» қарағанда «діншілдіктің тез өсіп, озғаны» байқалып отыр. Бұл туралы ол бүгін Астанада парламент мәжілісінде өткен үкімет сағаты кезінде мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Министрдің айтуынша, соңғы бірнеше жылда азаматтардың діншілдігінің жылдам өсуі «діни догмаларды сыни қабылдаудан», сонымен бірге «діни мәдениеттің дұрыс қалыптасуынан озып кеткен». Министрдің сөзінше, мұндай жағдай «отбасында және мемлекетте күрделі қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне әсер етеді».

Биліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда қазіргі таңда азаматтардың шамамен 10 пайызы өздерін атеист немесе агностикке жатқызады, 75 пайызы құдайға сенетіндерін айтқанымен, діни әдет-ғұрыпты тұрақты сақтамайды, ал 16 пайызы өздерін барлық діни шарттарды орындайтын діндар санайды. Статистика бойынша, Қазақстанда жиырмаға жуық діни конфессияны қамтитын 360-тан аса діни бірлестіктер жұмыс істейді.

Дереккөз: centralasian

Пікір қосу