ҚР Мәдениен және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен кәсіпқой бокс кешінде Қанат Ислам жеңіске жетті. Астанадағы кәсіпқой бокс турнирінің титулды кездесуі Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтті. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Қанат Ислам 11-раундтық жекпе-жекте 4-рет нокдаунга түсірді. 9-шы раундта шаршы алаңдағы төреші кездесуді уақытысынан бұрын тоқтатты. Брэндон Кук 31 жастағы Канада боксшысы. 18 жекпе-жек өткізген былғары қолғап шебері жеңіліп көрмеген болатын. Өз карьерасында бірінші рет Астана шаршы алаңында жеңілді.

Қанат Ислам бұған дейін кәсіпқой рингте 24 кездесу өткізіп, 19 нокаутпен жеңген. WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Әуесқой бокста олимпиада ойындары мен әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болған.

Астанадағы бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жанабаевтар жеңіске жетті. Америкалық боксшы қандасымыз Димаш Ниязовта өз қарсыласынан басым түсті.

 

Пікір қосу