Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың қызы Лола Кәрімова-Тилляева жуық арадаға ЮНЕСКО-ғы елші қызметінен кетеді. Бұл туралы «Өзбекстан24» каналына сілтеме жасап  juldyz.kz сайты хабарлайды.

Лола Исламқызының баспасөз қызметінің хабарлауынша бірнеше жобаларды аяқтаған соң бұрыңғы президенттің қызы қызметтен кетеді. Кәрімова-Тилляева ханым 2008 жылдан бері ЮНЕСКО-да елшілік қызмет етеді. Сондай-ақ, «Сен жалғыз емессің» атты балалар қоры мен гимнастика федерациясының жетекшісі. 2016 жылдың аяғында Лола Кәрімова анасы Татьяна Кәрімовамен бірге Ислам Кәрімов атындағы қоғамдық қор құрған. Бұл қор тұңғыш президент музейін ашып, ғылыми-ағартушылық жұмыспен айналысуды көздеп отыр.

Пікір қосу