Астанада  жаңадан салынған  «Нұрлы жол» вокзалының олқылықтары бар болып шықты. Осы айдың бірінде іске қосылған вокзалдың шатырынан жаңбыр су өтіп кеткен. Куәгерлер оның қалта телефондарына түсіріп,  видеосын youtube.com-ға жариялаған. Бұл туралы  juldyz.kz  kazday.kz  cайтына сілтеме жасап  хабарлайды.

Видеода адамдардың  «европада бұндай вокзал жоқ» деп күліп жатқан дауыстары естіледі. Енді бірі: «өз жұмыстарыңның олқылығын әшкерелеп отырсыңдар ғой» деген уәж айтады.

Видео шамамен 6 маусым күні түсірілген. Сол күні Астанада нөсер жауын болған. «Нұрлы жол» 1 маусым күні өз жұмысын бастаған еді. Вокзал 54 поезді қабылдайды. Олардың 22-сі  «Тұлпар-Тальго» жылдам поездары.  Еске сала кетейік, елорданың жаңа вокзал кешенімен танысқан Елбасы Н. Назарбаев «Мұндай вокзал Еуропада да жоқ» деп баға берген болатын.

Пікір қосу