Әлемге аты белгілі актер Джеки Чан Астанаға келді. Бұл туралы  juldyz.kz сайты Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Елорда әкімі Әсет Исекешев қытайлық актерды әуежайдан өзі күтіп алды.

Осы жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай конофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан осы шараға арнайы келді. Бұл фестивальді  «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Бүгін «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында шараның ашылу салтанаты өтеді. Бас аяғы бұл фестивальде алты фильм көрсетіледі.  Соның ішінде кино өнерінің жұлдызы Джеки Чанның «Кунг-фу Йога» атты картинасы көрсетіледі.

Пікір қосу