18 мамыр күні таңғы сағат 9.00 ден бастап Алматы қаласының оқушылар сарайында Ұлттық балалар ән байқауына тіркеу басталады. Бұл туралы baladauysy.kz парақшасына сілтеме жасай отырып juldyz.kz хабарлайды.

«Бала» дауысы байқауының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен Ә. Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры.

Байқауға 2004-2010 жылдар аралығында дүниеге келген балалар қатыса алады. «Бала дауысы»  3 кезеңнен тұрады.

І кезең – ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ. 2017 жылдың 13 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді.  Облыстық іріктеу кезеңінің күндері осы сілтемеде.

II-кезең – «БАЛА ДАУЫСЫ» МУЗЫКА МЕКТЕБІ. 2017 жылдың 25 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Мұнда 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан келген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың еруімен Алматы қаласындағы Музыка мектебіне (бұдан әрі-ММ) шақырылады.ММ шеңберінде балаларға 3 концерттік ән таңдалады ( 1-әлемдік хит, 1- халық әні, 1- тәлімгердің репертуарындағы хит ән). Таңдалған әндерді қатысушылар дыбыс жазу студиясында жазып, қазан айында тікелей эфирде орындайды.

III-кезең – БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ. 2017 жылдың 1-31 қазан аралығында болады.

Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды.

 Финал 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады:

  • 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды.
  • 28 қазан —  Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушы заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әнін орындайды.
  • 29 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды.

Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады.

Байқау әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсат ұстанбайды. Финалда Байқаудың ұйымдастыру комитеті Қатысушыға және оған ілесіп жүретін бір адамға: жол ақысын (баратын және қайтатын); ішкі көлікті; тұруын; үш мезгіл тамақты төлейді және ұсынады. Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы хаттарды, шақыртуларды және т.б. ұсынуға көмек көрсетеді. Байқаудың шеңберіндегі барлық шаралар, барлық байқаудан тыс шаралар Ұйымдастырушы белгілеген тәртіпке қатаң сәйкес түрде өткізіледі.

 

Пікір қосу