Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына қатыса алады. Бұл туралы juldyz.kz Вестиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыр атлетиканың Халықаралық Федерацияның шешімімен Зульфия допинг дауына байланысты екі жылға спорттан шеттетілген. Яғни, оның мерзімі 2016 жылдың 26 мамырынан 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Зульфия Чиншанло Лондонда өткен Олимпиада ойындарында «Алтын» алып, допинг пайдаланды деген айыппен жүлдесінен айырылып қалған болатын.

Пікір қосу