Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов осыдан бір ай бұрын оныншы баланың әкесі атанды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Ең кенже ұлым бір ай бұрын өмірге келді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі, әйелім: «Сен бокстан алтын алдың, ал мен ана ретінде алтын алғым келеді. Енді жеті бала табуым керек», — деді боксшы.

Қазіргі таңда екі некеден қос қызы мен сегіз ұлы бар боксшының балаларының үлкені 20 жаста екен. Ал кішісі әлі қырқынан да шықпаған.

Ермахан Ибраимовтың тұңғышы Тойбек режиссер болғысы келсе, екінші ұлы Мейірбек аспаз оқуын оқуда. Ал Айсұлтан есімді ұлының боксқа қабілеті бар екен.

Пікір қосу