Әнші Адам «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

«Қазіргі уақытта мен «Қазақконцертте» солистпін. Жақында әніме бейнебаян түсірдік», — деді әнші.

Бұдан бөлек әнші Адам алдағы уақытта қандай байқауға қатысатынын да жасырып қалмады.

«Одан басқа осы жылы Астанада «Turkvision» байқауы өтеді. Сол байқауға дайындалып жүрмін», — деді ол.

Пікір қосу