Режиссер Асқар Ұзабаев алдағы жоспарымен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz порталы gakku.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Біз Ninety One тобы жайлы фильм түсіреміз. Қазір сценарий жазылуда. Олар жайлы көбірек білгісі келетін адамдар, тыңдармандары аталмыш картинаға бара алады. Ол алдағы күз айларында жарыққа шығады«,- дейді режиссер.

Режиссер фильмнің желісі туралы да айтып берді.

«Бұл деректіфильм емес. Мұнда жігіттердің өз ауызынан естілген сөздердің негізінде жасалуда. Олардың топқа қалай келгендігі жөнінде«, — деді ол.

Асқар Ұзабаев аталмыш фильмнің түсіріліміне бір ай көлемінде кіріспек.

Пікір қосу