Астанада елорданың бас шыршасы жағылды. Биыл салтанатты рәсімді Астана әкімі Әсет Исекешев өткізді. Бұл туралы juldyz.kz порталы nur.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Астананың бас шыршасын жағу биыл Әсет Исекешевке бұйырды (фото)Биыл шырша Хан-Шатыр сауда орталығының маңындағы мұз қалашығына орнатылды. Астананың бас шыршасын жылда Елбасы өзі жағатын, бірақ, биыл оның орнына Әсет Исекешев салтанатты рәсімді өткізді.

Аяз Ата және Ақшақармен бірге Исекешев мерекелік ағаштың шамшырақтарын жақты.

Астананың бас шыршасын жағу биыл Әсет Исекешевке бұйырды (фото)

Шыршаны жаққан соң шара қонақтары мерекелік отшашуларды тамашалай алды. Мұз қалашығы бүгіннен бастап ресми түрде ашылғанын атап айту керек.

Пікір қосу