Астанада елорданың бас шыршасы жағылды. Биыл салтанатты рәсімді Астана әкімі Әсет Исекешев өткізді. Бұл туралы juldyz.kz порталы nur.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл шырша Хан-Шатыр сауда орталығының маңындағы мұз қалашығына орнатылды. Астананың бас шыршасын жылда Елбасы өзі жағатын, бірақ, биыл оның орнына Әсет Исекешев салтанатты рәсімді өткізді.
Аяз Ата және Ақшақармен бірге Исекешев мерекелік ағаштың шамшырақтарын жақты.
Шыршаны жаққан соң шара қонақтары мерекелік отшашуларды тамашалай алды. Мұз қалашығы бүгіннен бастап ресми түрде ашылғанын атап айту керек.