«Бен Гур» голливудтық фильмі америкалық прокатта сәтсіздікке ұшырады, деп мәлімдеді режиссер Тимур Бекмамбетов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

«Негізі фильмнің өзі ерекше. Басты идеясы — дұшпаныңды кешіру. Көріп отырғанымыздай, бүгінде бұл идеяны түсініп, қабылдай алатындар аз екен. Қазіргі заманда кек алу идеясы кең тараған. Меніңше прокат нәтижесі көп жағдайда осыған байланысты», — дейді Бекмамбетов.

Бюджеті 100 миллион долларды құраған фильм АҚШ-та 26 миллион доллар, бүкіл әлемде 67 миллион доллар қаражат жинады.

Айта кетейік, «Бен Гур» фильмінің әлемдік премьерасы тамыз айында болған еді. Сол кезде бұл фильм рейтингте бесінші орынды иленіп, америкалық прокатта сәтсіздікке ұшыраған.

Пікір қосу