Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Райымбек! Райымбек!» қойылымының премьерасы өтеді.

Еліміздің азаттығы жолында қан кешіп, кең байтақ жерімізді қорғаған батыр-баһадүрлеріміз аз емес. Қазақ елінде ұрпаққа тарихымыздан тағылым бере алатындай тұлғаларымыздың қатарында қасқайып тұрар батырларымыздың бірі – Райымбек. 13 жасынан атқа қонып, батырлық пен әулиелік қатар дарыған қасиетімен танылған батырдың, бозбала шағынан жігіт шағына дейінгі ерліктерін, ерекшеліктерін сүбелі суретпен күрделі шиеленістер арқылы айшықтайтын драма.

Авторы: М.Мақатаев
Режиссері мен инсценировкасын жасаған: М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі,   «Құрмет» орденінің иегері

Өтетін уақыты: 23 қараша, сағат 18.30.

Анықтама телефондары: +7 (727) 273-22-48; +7 (727) 271 42 37

Пікір қосу