Жақында KeshYou тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет топтан кетеді деген сыбыс тараған болатын.

Бұл қаншалықты рас ақпарат екенін білу мақсатында топ директоры Назым Басқынбайға хабарласқан едік. «Алдағы уақытта бұл ақпаратқа қатысты нақты мәліметті ресми түрде жария етеміз. Әзірге ештеңе айта алмаймыз» деген жауап алдық.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін KeshYou құрамы 7 рет өзгерді. Білуімізше, топқа келген адам 5-7 жылға келісім-шартқа отырады. Ал Ақбота бұл жауапкершіліктен қашты ма? Әлде…

Пікір қосу