Астанада олимпиада және паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері жұлдыздар аллеясына ағаш отырғызды, деп хабарлайды BNews.kz.

776971Қазақстандық олимпиада және паралимпиада чемпиондары, Олимпиада саласының еңбек қайраткерлері спорт жұлдыздарының жаңа аллеясына 19 тянь-шань шыршасын отырғызды. Өйткені, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада және Парадимпиада ойындарында алынған медальдар саны соған тең.

Жұлдыздар аллеясында олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит, Гузел Манброва мен Жазира Жаппарқұл, қола жүлдегерлері Екатерина Ларионова, Дариға Шәкімова мен Иван Дычко, Карина Горичева және Фархад Харки, сондай-ақ, Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина мен күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ағаш отырғызды.

«Көңіл-күйім көтеріңкі. Елораданың ортасында ағаш отырғазғыныма қуаныштымын. Менің құрметіме тақтайша қойылды. Еліміз де ағаш секілді жайқалып, жайнап, өсе берсін. Биік белестерді бағындырсын», — деді чемпионат жүлдегері Р. Қойшыбаева.

«Жұлдыздар аллеясы» –  Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қоға алған акциясы.

Пікір қосу