Қарағанды обысының өзендерінде су деңгейі көтерілді. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады.
Бүгінде Қарағанды қаласының жанындағы Федоров су қоймасы толып кетпес үшін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл маңда саяжайлар орналасқандықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Сарысу өзенінде тиісті мөлшер нормадан асып түскен. Сондықтан жағаға жақын орналасқан елді мекендерге қауіп бар. Көктіңкөлі станциясында екі тұрғын үйді су басты. Ал Абай ауданында Топар өзені жағадан асқан. Нәтижесінде Құлайғыр елді мекеніндегі үйлерге су кірді. Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: — Ол елді мекенде темір жол бойында 5 үй бар екен. Олар су арнасына жақын. Бес үйдің 3-де адамдар тұрмайды. Жергілікті атқару билігінен сондай мәлімет алдық. Қазір ол жерде алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.