Картинки по запросу досан кауменДосан аға, сіз Amazon компаниясының қызметін пайдаланып көрдіңіз бе?
– Иә, мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқығанда Amazon компаниясының қызметін пайдаланып көрдім. Негізінен кітап сатып алғанда amazon.com сайтының қызметіне жүгінетінмін.
– Amazon компаниясының жұмыс дағдысы қалай?
– Amazon компаниясының жұмысын ұйымдастыруда қоймалардың автоматтандырылған жүйесі маңызды рөл атқарады. Аталған жүйеде кез келген қызметкер кез келген тауарды неғұрлым жылдам тауып алуы үшін оңтайлы жағдай жасалған. Қоймадағы осындай жұмыс жүйесі тәртібіне қатаң қадағалау орнатылған. Қадағалау заманауи озық бағдарлама көмегімен жасалады.
Amazon озық технологиялар үдерісіне үнемі ілесіп отыруды құп көреді. Жұмыс процестерінде адамның араласуын неғұрлым азайту бағытында күнде жұмыс жасайды. Жүйе тапсырыстарды өзі қабылдайды, тауардың орналасқан жерін номер арқылы табады, қызметкерге сол тауарды сөреден алып кету ғана қалады. Сатып алушы «менің тапсырысым кешігеді» деп алаңдамаса да болады. Осындай ойластырылған жүйенің арқасында Amazon сатып алушыларға 3 миллионнан астам тапсырысты жіберіп отыр. Жақында Amazon қойма роботтарын шығаратын өндіріске кірісіп кетті. Яғни, болашақта қоймада роботтар істеп, адамдар саны азаяды.
– Алғашында бар болғаны 300 мың доллар капиталмен бой көтерген Amazon компаниясы қалай әлемдегі ірі компанияға айнала алды?
– Amazon компаниясы табысының сырын бұл сұраққа жауап аясында түсіндіріп беру аса қиын. Ол үшін жеке кітап немесе зерттеу арнасы да аздық етер… Дегенмен, көрелік.
Бірінші себеп – алғашында дұрыс таңдалған тауар. Ол тауар – кітап. Оны киіп көрудің, дәмін татып көрудің қажеті жоқ, бұзылмайды, ұзақ сақталады, тасымалдау оңай. Екінші себеп – дұрыс таңдалған стратегия. Компанияның стратегиясы оның логотипінде бейнеленген. Amazon – әлемдегі ең үлкен өзеннің атауы, интернеттің сарқылмас, толастамас, толымды ағымын білдіреді. Яғни, интернеттегі сауда тоқтамақ емес.
«А» әрпінен басталған атау кез келген тілдегі каталогтарда бірінші тұрады. Яғни іздеген адам бірден Amazon-ға тап болады. Оның үстіне «А» мен «Z» арасындағы нұсқар (стрелка), бізде «А» әрпінен бастап «Z» әрпіне дейінгі заттар бар, яғни бәрі бар дегенді білдіреді. Amazon сайтына кірген адам іздегенін табатынына сенімді болатындай жағдай жасаған.
Сонымен қоса компания жарнама алаңдарын дұрыс таңдады. Оффлайн жарнама көлемін азайтып, басымдық онлайн жарнамаға берілді. Google AdWords-тағы контексті жарнама белсенді қолданылады.
Үшінші себеп – қолдануға ыңғайлы. Компания 2001 жылы «сайттың ыңғайлылығы» көрсеткіші бойынша бәсекелестерін 65%-ға басып озған. Amazon сайты тұтынушыларға оңтайлы жағдай жасау үшін үнемі ізденіп, инновациялар енгізіп тұрады. Аталған компания – әлемдегі ең озық инновациялық компаниялардың бірі. Безос компаниясы табыс сырын: «клиентті бірінші орынға қой, үнемі жаңа нәрсе ойлап тап, шыдамды бол» деген ұстаныммен түйіндейді. Онлайн-бизнес: покупка сайта
– Безос адамзат тарихындағы тұңғыш триллиардер болуы мүмкін бе?
– Әбден мүмкін. Алайда Безос үшін ол басты мақсат емес. Ол өзінің бизнесі арқылы әлемді жақсы жағына қарай өзгертіп, өзінің өнімдері мен қызметтері арқылы адамдарға құндылық әкелуді қалайды.
– Қазақстанда онлайн-бизнесті дамытуға қаншалық мүмкіндік жасалған?
– Салыстырмалы түрде жеткілікті мүмкіндік жасалған деп санаймын. Заңнамада жетіліп келеді. Елімізде интернеттендіру қарқыны жоғары. Үкімет қолдап отыр. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2017 жылы Қазақстанда электронды саудаға қатысушылар корпоративті және жеке кіріс салығынан 5 жылға босатылатыны туралы мәлімдеген болатын. Бұның өзі де аталған саланың дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Елімізде интернет саудаға белгілі бір деңгейде оңтайлы жағдай жасалғанның арқасында Airastana.com (табысы – $75,0 млн.), Lamoda.kz (табысы – $67,7 млн.), Kz.avon.com (табысы – $43,5 млн.), Aviata.kz (табысы – $40,0 млн.), Kaspi.kz ($35,0 млн.) сынды ірі ойыншылар пайда болған.
– Онлайн-бизнес ел экономикасына қаншалықты əәсер етеді деп ойлайсыз?
– Онлайн-бизнестің ел экономикасына деген оңтайлы әсерлері көп. Біріншіден, ел тұрғындарын инновация жасауға ынталандырады. Екіншіден, қосымша жұмыс орындарын ашады. Үшіншіден, өзіне керекті инфрақұрылымның, логистиканың дамуына мол мүмкіндіктер жасай алады.
«Кәсіпкер» айдарын дайындаған
Ерзат АСЫЛ

Пікір қосу