Forbes журналы әледегі ең жас миллиардерді анықтады. Бұл атаққа ие болған американдық модель «Кардашьяндар отбасы» реалити-шоуына қатысушы Кайли Дженнер.  Кайли Дженнер 21 жасында 1 миллиард доллар тауып, Марк Цукербергтің рекордын жаңартқан.

21 жастағы бойжеткеннің кірісінің негізгі бөлігі 2016 жылы негізі қаланған косметикалық Kylie Cosmetics компаниясынан құйылып жатыр. Сондай-ақ танымал сән үйлерімен жасалған келісімшарттары да мол табыс көзіне айналған. Әлеуметтік желілерден түсіп жатқан ақша да аз емес. Дженнердің өзі қаржылық табысына 128 миллион жазылушысы бар Instagram-ның үлесі мол екенін мойындайды.

«Мен мұны күткен жоқпын. Бұл мен үшін үлкен табыс әрі қуанышты оқиға», — деді

Кайли Дженнер 1997 жылы 10 тамызда Калифорния штатының, Калабасас қаласында дүниеге келді. родилась 10 августа 1997 года в городе Калабасас, штат Калифорния. Отбасында екінші қыз.

Пікір қосу