Ақпанның 27-сі күні таңертең Жаңаөзенде Азаттықтың екі журналистін полиция ұстаған. Ұстау кезінде тілшілердің біріне күш қолданылған. Тілшілер полицияда 5 сағаттан астам уақыт болған. Кешкі уақытта босатылған. Бұл туралы Азаттық бөлісті.

Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі туралы хабар дайындау үшін барып, ұсталған Сәния Тойкен мен Санат Нұрбеков полиция тергеуінен ақпанның 27-сі күні кешке бір-ақ шықты.

Олар тікелей эфирде оқиғаның мән-жайын баяндады.

 

Пікір қосу