✅ 1-әдіс: бал мен грек жаңғағы

Бес шақты грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен жанжабіл қосып, араластырыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір ас қасықтан жеп тұру керек.

✅ 2-әдіс: пияз шырыны мен бал

Стақанның 1/3 бөлігі болатындай пияз шырынын сығып, бір стақан табиғи балмен араластырыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір шай қасықтан жеп тұрыңыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады.

✅ 3-әдіс: табиғи шырын

Күнде тамақтануға жарты сағат қалғанда жарты стақан анар (келесі күні алма, содан соң сәбіз шырынын) шырынын ішіңіз.

✅ 4-әдіс: иттікен тұнбасы

10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаған жөн. 8-10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Таңғы асқа жарты сағат қалғанда 4 ас қасықтан бір ай үздіксіз ішіп тұрыңыз.

✅ 5-әдіс: пайдалы тағамдар

Таңғы асқа жарты сағат қалғанда бір мандарин, бір уыс мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. 15-20 минуттан екйін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. 15 минуттан кейін таңғы ас ішуге болады.

Пікір қосу