Сәби ағзасының дұрыс өсіп-жетілуінде массаждың алатын орны ерекше. Мамандар сәбилерге 2 — 3 айлығынан бастап жасауға кеңес береді.
1,5 — 3 айлық балаға шартсыз рефлекске негізделген жаттығу жасау қажет. Сәбиге гимнастика жасағанда қозғалысының дұрыстығына назар аударған жөн. Оларға қолданылатын массаждың негізгі түрі – денесін сылап-сипау, ысқылау.
3 — 4 айлық кезінде қол-аяғын көп керіп созбайды. Себебі бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін.
3 — 6 айлық баланың аяқ-қолын айқастырып, бұлшық еттерін абайлап созғылып, саусақтарын баяу қимылдатады.
6 — 10 айлығында баланың еңбектегеніне назар аударған жөн, еңбектеу сәбидің денесінің көптеген бұлшық еттері мен қол-аяқтарының қатаюына ықпал жасайды. Осы кезеңде жаттығу жасағанда сәбимен мүмкіндігінше көп сөйлесу керек. Ересектердің көрсетуі бойынша бала кейбір жаттығуларды өзі жасайды, сондай-ақ бұл бала тілінің шығуына көмектеседі. 3-4 айлық кезінде қол-аяғын көп керіп созбайды. Себебі бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін.
10 — 14 айлығында аяғын таяқшаға дейін көтеріп жеткізу, қолынан ұстап демегенде отыру, денесін қисайту және түзету, бір нәрсеге шығу және одан түсу т.б. жаттығуларын енгізуге болады.
Массаж, гимнастика жасайтын бөлмелердің жақсылан желдетілуі, ауаның ондағы температурасы 20°С-ден төмен болмауы тиіс. Жаз айларында барлық процедураны аулада, ал көлеңкелі жерде 20-22°С температурада жасау керек. Массажды биіктігі 70 см-ге жуық столға бірнеше қабат көрпе немесе жаялық төсеп жасаған ыңғайлы. Жаттығуды тамақтандыруға 30 минут қалғанда немесе тамақтанған соң 1-1,5 сағаттан кейін белгілі бір мезгілде жасайды. Әр жаттығуды немесе массаж жасауды 2-6 рет қайталайды. Жаттығудың барлық уақыты 10-12 минуттай аспауы керек.