Қасымов ҚР ІІМ қызметінен босытылып, Қазақстан президенті көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұрынғы қызметінде отырып, берген уәделерін министр қаншалықты орындады? Экс-министрдің уәдесін factcheck.kz зерттеп, саралап шықты.
1.Уәдесі: Қос ғашықтың тағдырын шешу.
Орындады. Қазақстанның көші-қон қызметі Қытай азаматшасына 2021 жылға дейін Қазақстанға кіруге рұқсат берді. Сот шешімі бойынша, қазақстандық Тұрсын Бөрібай және Қытай азаматшасы Жазира Иманали отбасын құра алады.
2.Уәдесі: Теракт кезіндегі әрекеттер алгоритмі жазылған жадынама дайындау
Жартылай орындады. ҚР ІІМ ресми сайтында теракт жағдайына қатысты жадынама жоқ, бірақ осы жағдайға қатысты ҚР терроризмге қарсы орталықтың дайындаған жадынамасы бар
3.Уәдесі: ІІМ басшысы Мұратхан Тоқмадидің ұсталуына қатысты қосымша пікір білдіруді уәде етті.
Орындамады. 2017 жылдың 12 маусымында Мұратхан Тоқмади өз үйінде ұсталды, бірақ ІІМ тарапынан бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір берілген жоқ.
4.Уәдесі: 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап түрлі-түсті жеке куәлік берілетін болады.
Орындады.90 мыңнан астам адамға түрлі-түсті жеке куәліктер берілген.
5.Уәдесі: Бір жылдың ішінде сот кінәлінің жұмыс орнына мәжбүрлі түрде ақша шегеру үкімін жібермеген болса, кейбір айыппұлды төлемеуге болады.
Орындады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 890-бабының 1-тармағына сәйкес, Қалмұханбет Қасымов уәдесінде тұрды.
6.Уәдесі: 2013-2015 жылдың бюджетін құру кезінде қауіптілігі төмен қару-жарақ сатып алу үшін қаржы қарастырылады.
Орындамады.2013-2015 жылдың бюджеттік жоспарында қауіптілігі төмен қару-жарақ сатып алу жөнінде ақпарат жоқ.
7.Уәдесі: Жол полициясының қызметтік формасын ауыстыру.
Орындады:Жол полициясына берілген жаңа форма тіпті қараңғыда да жанады.
8.Уәдесі: Шетелдердегі экстремистік, террористік қимылдарға қатысқаны үшін Қазақстан азаматтарын азаматтығынан айыруды көздейтін заңға түзетулер енгізу.
Орындамады.Қазіргі уақытта ҚР Азаматтық туралы заңының 21-бабында айтылған түзетулер жоқ.
9.Уәдесі: Министр Қасымов: Биылдан бастап, біз қол радарлардан бас тартамыз, орнына автоматты радарлар енгізіледі.
Орындады.Енгізілген авто радарлардың бірі — АвтоУраган. Көліктердің жылдамдық көрсеткішін және жолдағы заң бұзушылықты бақылау үшін қолданылады.
10.Уәдесі: 2016 жылдан бастап автомектептердегі міндетті оқыту жойылды. Енді көлік жүргізу курстарына қатыспай-ақ жүргізуші куәлігіне емтиханды бірден тапсыруға болады.
Орындады.2016 жылдан бастап автомектептердегі міндетті оқыту жойылды. Енді көлік жүргізу курстарына қатыспай-ақ жүргізуші куәлігіне емтиханды бірден тапсыруға болады.