Мария Склодовская-Кюри

Мария Склодовская-Кюри ұлы физик және химик. Мария Нобель премиясына екі мәрте ұсынылған жалғыз әйел. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Мария Склодовская-Кюри, ғалым әрі нобель лауреаты, Қызыл Крест радиологиясының директоры қызметін атқара отырып, жараланғандарды тексеру үшін рентгенді портативті құрылғыларды жабдықтаумен және қызмет көрсетумен айналысты. Мария Кюри Нобель сыйлығының екеуінен де алған барлық қаражатты осы құрылғылардың құрылуына жұмсады. Бір қызығы, Марияның қызы да анасы секілді химия бойынша Нобель сыйлығын иеленді.  

Роза Ли Пракс

Қара нәсілділердің шеттетілуіне қарсы шыққан алғашқы қара нәсілді әйел. 1955 жылы 1 желтоқсан күні АҚШ-тың Монтгомери қаласында  Роза қоғамдық көлікте ақ нәсілді адамға орын беруден бас тартқан. Осы әрекеті үшін Розаны «қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін» деп тұтқандаған. Роза Ли Пракс сол уақытта NAACP ұйымының құқық қорғау бөлімінде хатшы қызметін атқарып жүрген. Сонымен қатар, ол Теннеси штатындағы еңбек құқықтары мен нәсілдік теңдікді жақтаушы белсенділердің бірі болған.Картинки по запросу Роза паркс

Розаның қарсылығын тек автобус жолаушылары ғана емес, естіген басқа да қала тұрғындары қолдаған. Тіпті, қала ішінде «Черная Роза свободы» деген лақап атқа ие болды. Монтгомери қаласының барлық қара нәсілді тұрғындары Розаны қолдау мақсатында 381 күн байкот жариялап, қоғамдық транспортты қолданбаған. 1956 жылы 20 желтоқсаннан бастап, Монтгомери қаласында сегрегация (адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырым белгісі бойынша санаттарға бөлінуі) заңы өз күшін жойды.

 

Валентина Терешкова

Әлемдегі тұңғыш космонавт әйел. Терешкова Кеңес Одағының Батыры, техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор әлемнің 10 ғарышкерінің қатарына кіреді. Әйелді ғарышқа жіберу бастамашысы Сергей Королев болды. Валентина Терешкова, сондай-ақ бірнеше басқа қыздар (оның ішінде В. Пономарев пен И. Соловьев) таңдалды және бір мезгілде космонавт корпусына және шұғыл әскери қызметке шақырылды. Жаттығу кезеңдері өте қатал өткен. Оларға оқшаулау камерасында 10 күн өткізуге тура келді. Терешкованың дайындықтан өтіп, ғарышқа аттанады. Ол ғарышта үш тәулік уақыт өткізген. Нәтижесінде, Терешкованың ғарықұа ұшуынан кейін 1982 жылы әйел адамдарға да рұқсат беріліп, екінші болып Светлана Савицкая ғаррышқа шыққан.Похожее изображение

 

 

Пікір қосу