Астанадағы 5 баланың қазасынан кейін, бұл оқиға және Ситер отбасы туралы түрлі ақпараттар тарады. Бірі қайтыс болған кішкентай бүлдіршінді 3 айлық десе, бірі 9 айлық деп жатты. Осы секілді көптеген түрлі варианттағы ақпараттар тарады. Factcheck.kz сайты бірнеше тараған ақпараттардың жалған я шындығын анықтады.
- 1. HOLA News, Vesti.kg, Капитал, Комсомольская правда, Қазинформ ақпарат агенттіктерінің xабарлауынша, қаза тапқан балалардың ең кішісі — 3 айлық. Sputnik Қазақстан мен “Алматы” телеарнасы “кішкентай 9 айлық болған” деп xабар таратты. Үкім: Жорамал . Шын мәнінде отбасының кіші қызы — Бақыт Ситер 11 айлық болған. informБЮРО мен Today.kz осылай xабарлаған.
- 2.Оқиға болған күндері әлеуметтік желіде кішкентай қыздардың суреті бар коллаж тараған. Коллаждан кейін қыздардың есім әртүрлі айтыла бастады. “13 жасар Альбина, 11 жасар Алина, 6 жасар Карина, 4 жасар Мадина мен үш айлық Сабинаның ата-анасы өрт болған кезде жұмыста болған” деп жазды Vesti.kg.
- Үкім: Жартылай шындық. Үлкен үш қыздың аты ғана дұрыс айтылды. 11 айлық сәбидің аты — Сабина емес, Бақыт, ал Сабинаның жасы бесте еді. Үш жасар кішкентайдың аты — Элина.
- 3. Отбасының бірнеше кредиті бар екені айтылған соң қоғам наразылығы тіптен күшейе түсті. Әуелде “Алматы” телеарнасы Ситер отбасының қарызы жоқ” деп xабарлаған. Кейін әлеуметтік желіде “отбасының қарызы” бар болғаны xабарланды. Ержан Жаңабаев есімді қолданушы Facebook парақшасында: “4 кредиті бар отбасы қарызға құл боп жүрді. Кредит төлеу үшін күн-түн демей жұмыс істеп, балаларын асырау үшін өздерін көп нәрседен шектеді. Жалдап тұрған үйлері — ауданы 10-ақ шаршы метр уақытша баспана” деп жазды.“Ситерлердің төрт банкте кредиті болған екен! Банктер неге кешіре салмайды екен соны?! Жарнама керек пе? Міне, орайы келіп тұр ғой! Солардың бірі Kaspi.kz шығар?! Homecredit Kazakstan да барына сенімдімін! Мемлекет бюджетіне өмір сүріп жатқан банктерді тэгтеп жіберіңдерші!” деп жазды Facebook қолданушы Дамир Аспан.
- Үкім: Жартылай шындық. Кейіннен Дамир Аспанның Facebook парақшасында Kaspi банк ресми аккаунтының “банк басшылығы Ситер отбасының кредитін жабу туралы шешім қабылдады” деген комментарийі шықты. Тәңірберген Бердіоңғаров Ситер отбасына барды. Блогер YouTube-каналында ерлі-зайыпты Ситерлер жүзін көрсетпей сұxбат көрген видеосын жариялады. Евгений Ситер делінген азамат жалпы сомасы 100 мың теңге болатын үш кредиті болғанын айтты.
-
4.“Отағасы пеш жағып, жұмысқа кетіп қалған: ІІМ Астанадағы өрт жайлы айтты”, “Астанада өртте қаза тапқан балалардың әкесін түнде жұмысқа шақырып алған” деген тақырыптармен ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильиннің мәлімдемесіне сілтеме берілген бірнеше жаңалық шықты. «1984 жылғы әкесі теxникалық қызмет көрсету бекетінде жұмыс істейді, моторист. Кешке қарай пеш жаққан да, жұмыс берушісі шақырған соң кетіп қалған. Анасы ЖШС-да жұмыс істейді, оқиға кезінде түнгі ауысымда болған”, — деп жазды Юрий Ильинге сілтеме берген nur.kz порталы. Үкім: Жартылай шындық. ІІМ өкілі бұл ақпарат айтылғанда журналистер жағдайды егжей-тегжейлі сұрап білгісі келгені түсінікті. Informburo.kz тілшісі ТЖО (СТО) басшылығынан көп балалы Ситерді түн ортасында жұмысқа шақырудың қандай қажеттігі болғанын сұраған. Мұнан соң Юрий Ильиннің ресми комментарийіндегі ақпарат расталған жоқ. “Евгений Ситер мемлекеттік органдарға Талапкер, 11-де істейтінін айтқан. Бұл жер отбасы тұрған үйден алыс емес. Біз осы мекенжайға барып көрдік — онда ешқандай ТЖО жоқ, құрылыс орны ғана бар. Таяу маңдағы ТЖО бір көше ары жерде — Талапкер, 12 мекенжайында еді, бірақ ол жабық тұрды. Жақын маңдағы үйде тұратындар бұл ТЖО-ның жабық тұрғанына жарты жыл болғанын айтты. Тұрғындар Ситердің жұмыс орнын сол көшедегі басқа ТЖО-дан іздеп көруді айтқан, бірақ оннан аса орынға барған тілші Евгений Ситер есімді қызметкер жұмыс істейтін орынды таба алмады” деп жазады тілші. Евгений Ситердің өзі сұxбатында әлдебір ТЖО жоғын айтты: “Көлікті жөндеуге алып едім, өткізетін уақыты таяғанда үлгермей жаттым. Екі аптаға кешіктім. Бұзылған көлікті иесіне таңертең өткізу керек болғандықтан жұмысқа түнде шығуыма тура келді. Анау айтқан ТЖО жоқ. Көлік жөндеп жүргеніме 20 жыл болды. Бірдеңесі бұзылса, ұдайы xабарласатын клиенттерім бар” дейді ол. Денис Кривошеевтің постынан соң да біраз шу болды. Блогер Ситердің “бірнеше рет істі болғанын, ТЖО-дан жарты жыл бұрын шығып кеткенін” жазған. Бұған қоса блогер “Евгений Ситер сол түні жұмысқа барды ма, әлде қыздарын басқа себеппен тастап кетті ме” деп “отағасының трагедия болғаны түні заңға қайшы тірлікпен айналысып жүрген болуы мүмкін еді” дегендей ашық емеурін жасаған. Евгений Ситер расымен бірнеше рет сотталған. Мұны сот кабинетінен оңай тексеріп көруге болады. Ішкі істер министрлігі Ситердің жаңа алибиіне қатысты әлі пікір білдірген жоқ.